18 тамыз 2015 13:37

Алматыда әйел адамды қағып өлтірген мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Motor.kz © Motor.kz

Алматы полициясы мас күйде көлік жүргізіп, адам қағып өлтірген жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы мас күйде көлік жүргізіп, адам қағып өлтірген жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 18 тамызда таңғы сағат 8.00 шамасында Түрксіб ауданында болды. "ВАЗ 21070" маркалы автомобильдің жүргізушісі Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 54 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Ол оқиға орнында қаза тапты. "Жүргізуші оқиғадан кейін қозғалысын жалғастыра берген. Дегенмен Дулатов көшесімен қиылыста тағы бір жол-көлік оқиғасына тап болып, "ВАЗ-2114" маркалы автомобильмен соқтығысқан. Осы кезде жүргізуші көлігін қалдырып, жаяу қаша бастаған. Оның аты-жөнін анықтау арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны дереу іздеуге кірісті. Бірнеше уақыт өткен соң жүргізуші туысының үйінен табылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

23 жастағы жүргізуші жігіт Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны болып шықты. "Оған сот-наркологиялық сараптама жүргізіліп, мас болғаны ресми түрде расталды", - деді Алматы ІІД Тергеу басқармасының басшысы Рүстам Әдбірахманов. Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты ҚР ҚПК 128-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети