Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.11
EUR / KZT - 394.65
CNY / KZT - 50.46
RUB / KZT - 5.81

Алматыда әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды - ІІД

23 Қыркүйек, 10:39
4

Алматыда әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, жол апаты түнде сағат 23.50-де Түрксіб ауданында болған еді.

"1965 жылғы әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан. Осы сәтте солтүстік бағытпен Toyota Land Cruiser көлігі келе жатқан. Тізгінде 1994 жылғы жігіт болған. Ол әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта жүргізуші ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяуда оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады", - деді Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Олжас Шәріпов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады: ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") мен ҚР Қылмыстық кодексінің 347-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай