05 қаңтар 2017 20:46

Алматыда айырбастау пунктінің басшысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пархат Зурдинов Пархат Зурдинов

Алматыда Түрксіб ауданындағы "Маяк" айырбастау пунктінің басшысы Пархат Зурдинов жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның әпкесі Халида Юлдашева хабарлады.


Алматыда Түрксіб ауданындағы "Маяк" айырбастау пунктінің басшысы Пархат Зурдинов жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның әпкесі Халида Юлдашева хабарлады.

Әйелдің айтуынша, ағасы 20 желтоқсанда үйден (Серпуховская көшесі, 38) жұмысқа қарай шығып кетіп, сол бойы оралмаған. Сондай-ақ, ол сол күні көлігі бола тұра, таксимен кеткен екен. Айта кетейік, ер адамның әйелі мен төрт баласы бар.

"Ағамды сол күні Қордайда көріпті. Видеокамерадан оның қорқып тұрғаны көрінеді. Біреулер қысым көрсетіп жатқандай. Ол онда өзі кете алмайтын еді. Оның мұнда отбасы бар, айырбастау пунктінің  басшысы болып қызмет істейді", - деді әйел.

Пархат Зурдиновтың туыстары бірден полицейлерге арыз жазған, бірақ әзірше ешқандай да нәтиже жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети