03 наурыз 2017 00:27

Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан екі көлік соғысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі көлік соғысып қалды. Екі көліктің жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсінде қозғалғанын айтып отыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда екі көлік соғысып қалды. Екі көліктің жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсінде қозғалғанын айтып отыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Mercedes жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ал Honda Odyssey жүргізушісі Әуезов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Бір кезде екі көлік көше қиылысында қалай шығып кеткендерін байқамай қалған. Осылайша екі көлік соғысып қалған. Алған соққыдан Mercedes көлігі бағдаршам жаққа қарай ұшып кеткен.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Mercedes тізгінін басқарған қыз бен Honda Odyssey жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүргендерін айтады. Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети