13 желтоқсан 2017 13:09

Алматыда баланы қаққан жүргізуші әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© delovoy-saransk.ru © delovoy-saransk.ru

Алматыда баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД мәліметінше, оқиға 8 желтоқсанда 14:00 шамасында болған. 11 жастағы қыз бала Достық даңғылының бойында бағдаршамның жасыл түсіне өткен. Бірнеше секундтан соң, қызды белгісіз көліктің жүргізушісі қағып кеткен. 

"11 жастағы қыз бен оның құрбысы өкінішке қарай көліктің маркасы мен нөмірін жаттап қала алмаған. Бізде тек бір бағдар болды: көлік күңгүрт түсті болды. Біздің бөлімнің қызметкерлері қыз баланы қаққан адамды тауып, жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді шаралар жүргізді. Бақылау жүйесі мен заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылды", - деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков. 

Ол осы деректердің арқасында көліктің Audi маркалы екені және оның иесі - 1966 жылғы Б. есімді азамат екені анықталды. Әйел адам басында қызды қаққаны туралы жасырмақшы болды, алайда кейінірек дәлелдер келтірілгеннен кейін ол жол-көлік оқиғасына қатысы барын мойындады. 

Осылайша, жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекінің 610-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы") және 611-бабы, 2-бөлігі ("Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы") бойынша хаттама толтырылды. 

ІІД мәліметінше, қыз бала қазіргі уақытта қаладағы емдеу мекемелерінің бірінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп бағалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети