Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда базардың қоршауға алынуына себепкер адам ұсталды

22 Қазан 2014, 09:42
0
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"
©СТВ/ "Территория происшествий"

Алматы полициясы көтерме базардың қоршауға алынуына себепкер болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Алматыдағы базардың қоршауға алынғаны хабарланған болатын. "Базарда жарылғыш заты бар біреу жүр" деген ақпарат жалған болып шықты. Ішкі істер департаментінің шұғыл бөлімше қызметкерлері телефон лаңкесінің кім екенін анықтады. "Боран-010" жол-патруль полициясының экипажы ер адамды ұстады.

"Кешенді шаралардың нәтижесінде Алматы облысы Талғар қаласында туған 27 жастағы тұрғын ұсталды, ол бұл қылмысты бұзақылық ниетпен жасаған. А. деген азаматтың бұрын тонау және өзгенің мүлкін ұрлау қылмысы үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алмалы полициясы жарылғыш құрылғы туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Алматыдағы көтерме базарда жарылғыш зат бары туралы ақпарат 21 қазан күні қаланың шұғыл қызметтеріне түскен еді. Базар маңы қоршауға алынды. ""Арлан" саперлері, иттері бар кинологтар, ҰҚК, қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура қызметкерлері базарға комиссиялық тексеру жүргізді", - деп хабарлады полиция өкілдері. Жол-патруль полицейлері 1000-ға жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай