28 маусым 2017 11:56

Алматыда белгілі адвокат сот ғимаратында соққы көргенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Уразбахова Жанна Уразбахова

Белгілі адвокат Жанна Уразбахова сот ісіндегі қарсы тараптан соққы көргенін мәлімдеді, бұл оқиға Алматы қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының территориясында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам соққы жасап, қашып кеткен.


Белгілі адвокат Жанна Уразбахова сот ісіндегі қарсы тараптан соққы көргенін мәлімдеді, бұл оқиға Алматы қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының территориясында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам соққы жасап, қашып кеткен.

Жанна Уразбахованың айтуынша, ювенал сотында процеске дайындық болған. Айтуынша, жауапкер - клиентінің бұрынғы күйеуі - өте ашулы болған.

"Процесс басында хатшыдан жасауылды шақыруын өтіндім, бірақ ол "Қазір сот келеді" деумен болды. Істің мән-жайын анықтау барысында ол судьяның сөзіне отырып жауап берді. Судья ескерту жасады. Бір уақытта жауапкер бізге қарай жаман сөз айта бастады. Судьядан жасауыл қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуін сұрадым. Одан қорқатынымды, ашулы екенін айттым, бірақ жасауылды сонда да шақыртпады", - деді Жанна Уразбахова.

Жауапкердің бұл қылығы процесс аяқталғанда да жалғасыпты. Адвокаттың айтуынша, ол әріптесімен бірге клиентті үйіне кімнің жеткізетінін анықтап жатқан, себебі оның қауіпсіздігіне алаңдаған. Алайда ер адам оларды сот территориясынан шығармаған.

"Далада, соттың кіреберісінде ол бұрынғы әйелін дөрекі сөзбен шақырып, әңгімелескісі келді. Әйелі оған жақындаудан бас тартты. Мен сосын ер адамға екеуара сөйлесуге уақыт көп болғанын айттым. Кейін ол маған былапыт сөз айта бастады, дөрекі болды. Мен видеоға түсіре бастадым, камера алдында мен туралы барлық ойын айтып салуын сұрадым. Сосын Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерін шақырдым, 10 рет шақырдым, полиция шақыруын сұрадым. Күзетшілердің не дегенін білесіздер ме? Ол сот ғимаратына кіріп, жұмыс орнына отырып алды. Әкімшілік сотынан күзетшілер мен кеңсе қызметкерлері келді. Олардан да полиция шақыруын сұрадым. Олар өзің шақыр деді, ал мен осы уақытта видеоға түсіріп тұрған едім. Олар кетіп қалғанда жауапкер маған шіреніп тұрып соққы жасады. Телефоным үш метрге ұшып кетіп, ювенал сотының табалдырығына түсті. Кейін күзетшілердің неге әрекетсіздік танытқанын сұрадым, ол басшылыққа рапорт жазатынын, ұрып-соғу оқиғасы болғанда ұстайтын едім дегенді айтты", - дейді Жанна Уразбахова.

Осы сәтте Уразбахованың әріптесі полиция шақыртқан. Айтуынша, учаскелік полицей келген. Кейін жедел жәрдем келіп, оны ауруханаға алып кеткен.  

"Оң қолымды жарақаттап алдым, шыныдан, көгеріп кетті. Кейін ісік қайтты. Ауруханадан шыққаннан кейін Бостандық аудандық ІІБ-ге арыз жазу үшін бардым. Полицейлер арызымды қабылдағысы келмегендіктен, тергеушіні күттім. Бұзақылық құрамы жоқ деп айтты, айтуларынша, мен шабуыл жасаған адаммен таныс екенмін. Олар жаңа қылмыстық кодекс ойлап тапты. Арызымды қабылдаса да, Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркегісі келмеді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы - "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру" бойынша жеке айыптау тәртібімен істі сотқа жолдағысы келді. Яғни тергеусіз, мемлекеттік айыптаушысыз мен өзімді өзім қорғайды екенмін", - деді ол.

Алматы қалалық сотының өкілдері қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қызметтік тексеріс қорытындысы президиумның жалпы отырысында қаралады", - деді Алматы Соттар әкімшісі ақпараттық қамту бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети