Алматыда BMW екі әйел мен екі ер адамды қағып өлтірді 23 қыркүйек 2016, 09:05

Алматыда BMW екі әйел мен екі ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жалғасы
Оқиға 22 қыркүйекте кешкі уаытта болған. Қара түсті BMW Рысқұлов даңғылының бойында асқан жылдамдықпен келе жатып, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қаққан. Жүргізушіні полицейлер бөлімшеге алып кетті. Жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні анықталу үстінде.
Ескерту, балаларға және психикалық ауытқуы бар адамдарға суреттер мен видеоны көруге тыйым салынады!
© "Территория происшествий"