03 сәуір 2016 23:14

Алматыда болған ірі жол апатынан бір адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда болған ірі жол апатынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда болған ірі жол апатынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сайын көшесінде, Торайғыров көшесінің қиылысына жақын тұста болды. Kia мен Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысты. Олар солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Kia жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, қоршауға соқтығысқан, кейін Toyota Land Cruiser көлігіне барып соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарына жол талғамайтын көліктің жүргізушісі түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер Kia көлігінің жолаушылары мен жүргішузісінің мас болғанын айтып отыр. Қазіргі уақытта олар сараптамадан өткізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.


© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети