13 ақпан 2015 11:42

Алматыда бір автокөлік шұңқырға түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©"Территория происшествий" бағдарламасы Оқиға орны. ©"Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жөндеу жұмыстарынан кейін пайда болған шұңқырға бір автокөлік түсіп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 13 ақпан күні сағат 02.00 шамасында болды.


Алматыда жөндеу жұмыстарынан кейін пайда болған шұңқырға бір автокөлік түсіп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 13 ақпан күні сағат 02.00 шамасында болды.

Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, Саин көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып, Қабдолов көшесіне жетпей орналасқан үйлердің бірінің ауласына қарай бұрылмақшы болған көлік шұңқырға түсіп кетті. Жүргізуші әйелдің айтуынша, ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жұмысшылар шұңқырды көміп тастаған, бірақ жауған жаңбырдан соң шұңқыр суға толған.

Шұңқырға көліктің алдыңғы бөлігі ғана түсіп кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушінің айтуынша, ол көлігін шығаруға тырысқан, бірақ түк шықпаған соң полиция шақыртуға тура келген.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты полиция тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр, олар бұған кімнің жауап беретінін анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, Алматыда 10 ақпан күні Райымбек даңғылы мен Наурызбай көшесінің қиылысында ыстық су жүретін құбыр жарылып, оның салдарынан пайда болған шұңқырға екі автокөліктің түсіп кеткені хабарланған болатын. Бір көліктің жүргізушісі шұңқырдан өз бетімен шықса, екінші Mazda көлігінің жүргізушісінің денесі күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети