22 ақпан 2019 12:32

Алматыда бір отбасы иістен уланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sevastopol.su © sevastopol.su

Алматы қаласында бір отбасының жеті адамы улы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі - балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласында бір отбасының жеті адамы улы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі - балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар 22 ақпанда таңғы 6:38-де келіп түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері отбасының қатты отынды пештен уланғанын анықтады. Үйдің үлкендері пештің есігін қаттырақ жабуды ұмытып кеткен.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ауруханаға түскен отбасы мүшелерінің жағдайы жақсы. Бәрі де уытсыздандырғыш терапия қабылдап жатыр. Отбасы жақын арада ауруханадан шығады.

Айта кетейік, жылыту маусымының басынан бері ТЖД қызметкерлері жекеменшік сектордағы 145 мың үйді тексеріп шыққан.

Сондай-ақ, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың үйлеріне 136 иіс газын қадағалаушы тегін берілді. ТЖД бұл жұмысын жылыту маусымының соңына дейін жалғастырмақ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети