Алматыда бір үйдің үш баласы газдан уланып қалды 03 мамыр 2016, 12:24

Алматыда пештің дұрыс жұмыс істемеуінен үш бала табиғи газдан уланып қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК өкілі Руслан Иманқұлов айтып берді.
Жалғасы
Оқиға Әуезов ауданындағы "Таугүл-3" ықшамауданында болған. "Пештегі ахаудан бір отбасының 2011, 2006, 2008 жылғы үш баласы табиғи газбен уланып қалды. Олар ауруханаға жеткізілді", - деді Иманқұлов.