Tengrinews.kz редакциясына куәгер түсірген суретін жіберген, онда екі бірдей Mercedes Gelandewagen маркалы көліктер бірдей нөмір белгілерімен жүрген.
Tengrinews.kz редакциясына куәгер түсірген суретін жіберген, онда екі бірдей Mercedes Gelandewagen маркалы көліктер бірдей нөмір белгілерімен жүрген.
Сурет 21 қыркүйекте Сәтбаев көшесіне жетпей Достық даңғылының бойында түсірілген.
Тілшілердің полицияға хабарласуынан кейін ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек департамент басшысының тапсырмасымен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Тексеру және анықтау үшін іс материалдары жергілікті полиция қызметіне жіберілген", - деді Әзірбек.
Еске салайық, осындай жағдай Астанада 2014 жылы ақпан айында болған. Mazda CX7 көлігінің иесі өз көлігінің көшірмесін көрген, тіпті ол машинаның мемлекеттік нөміріне дейін бірдей. "9 ақпан күні Сарайшық көшесінде жалған мемлекеттік нөмірі бар, агрегаттық мәліметтері ұрылып-соғылған ақ түсті Mazda CX-7 табылғанын хабарлаймыз. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл автокөліктің өткен жылдың 22 мамырында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан ұрланғаны анықталды", - деген болатын Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.