23 ақпан 2017 17:59

Алматыда бірінші сынып оқушысын қағып кеткен күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы сегіз жастағы қызды қағып кеткен жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Алғабас ауылының 44 жастағы тұрғыны екен.


Алматы полициясы сегіз жастағы қызды қағып кеткен жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Алғабас ауылының 44 жастағы тұрғыны екен.

"Кешенді жедел-тергеу шаралары барысында Алғабас ауылының тұрғыны 1973 жылғы азамат ұсталды. Ол өзінің "Мазда-626"  маркалы көлігін келесі Көксай елді мекеніндегі туыстарының үйіне жасырып қойған. Авотмобиль сотқа дейінгі тергеу материалдарына заттай дәлел ретінде тәркіленді. Анықтау бөлімшесі осы іс бойынша сараптамаларды тағайындаған", - деді полициядағылар.

Жүргізуші өз кінәсін мойындаған. "Ол қорқыныштан оқиға орнынан қашып кеткенін мойындады. Бұрындары ер адамныңқылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - дейді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Алматы ІІД-ның Анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов жүргізуші екі бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабының ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу"). Тергеу шаралары жалғасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети