26 тамыз 2015 11:31

Алматыда бұрынғы иесі ломбардты тонады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда бұрынғы иесі ломбарды тонауды ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда бұрынғы иесі ломбарды тонауды ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуылды алматылық екі адам ұйымдастырып, жоспарларын іске асырған. Олардың бірі ғимараттың орналасуы мен оның қауіпсіздік деңгейін білетін болып шықты, ол ломбардты бірнеше ай бұрын сатып жіберген екен.

"Қарақшылық шабуыл кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Медициналық бетперде киген екі адам ломбардқа кіріп, кассирді тапаншаға ұқсайтын қарумен қорқыту арқылы 204 мың теңге және құны үш миллион теңге болатын алтын бұйымдарды алып кеткен. Олар жоспарларын іске асырған соң оқиға орнынан қашып кетті", - деді қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Оның айтуынша, ер адамның аты-жөнін полиция бірнеше сағат ішінде анықтаған. Ол ер адамдар жұмыс істеген кеңседен қылмыстық іске қатысты айғақтардың табылғанын айтты. Осы дерек бойынша ҚР ҚК "Қарақшылық шабуыл" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір екеуі де қамауға алынды. Тергеу арқылы қылмыстық істе әрқайсысының қандай роль атқарғаны анықталып жатыр. Олар кінәларын мойындады.

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети