10 қараша 2015 17:26

Алматыда дәрігерлер 4 жасар қыздың химиотерапия дозасын шатыстырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram @natalyhelpus. © Instagram @natalyhelpus.

Алматыда 4 жастағы Мила Зайнидинованың ата-анасы химиотерапияның қызға арналған дозасын шатастырып алғаны үшін Педиатрия Ғылыми Орталығы мен Балалар Хирургиясын кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 4 жастағы Мила Зайнидинованың ата-анасы химиотерапияның қызға арналған дозасын шатастырып алғаны үшін Педиатрия Ғылыми Орталығы мен Балалар Хирургиясын кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың әкесі Эльдар Зайнидиновтың айтуынша, 2014 жылы қызға лейкемия диагнозы қойылған. Көп уақыт бойы қыздың отбасы Қазақстанда емделуге тырысады, дегенмен қыздың жағдайы нашарлай түседі. Осыдан кейін қыздың ата-анасы Кореяға кетуді ұйғарған. "Бізді ол жерде аяққа тұрғызды, бәрі жақсы болды. Сауығып жақындаған кезде химиотерапия курсынан өту керек болды. Кореяда өмір сүру қиын болғандықтан біз дәріні үйде қабылдауды ұйғардық. Дәріні керек мөлшерде алып, дәрі тамызғышқа құю ғана қалған еді. Кореялық дәрігерден қажетті кеңестірді жазып алып, курстан қалай өту керегін сұрадық", - деді Миланың әкесі.

© Instagram @natalyhelpus.

Отбасы Педиатрия Ғылыми Орталығы мен Алматыдағы Балалар Хирургиясына барады. Дәрігерлер химиотерапия дәрісінің 0,95 миллиграмын 50 грамм физеріткішпен араластыруы керек болған. Бірінші тамызу жақсы өтті, бірақ 4 қараша күні мейірбике дәрінің қажетті дозасын шатастырып алып, 2 миллиграм дәрі тамызып жіберген. "Екі еседен де көп доза салған. Келесі күні қызым іші, басы ауыратынын айтып шағымданды. Түнде ол қимылдаудан қалды. Қазір ол өз бетімен тұрып, қолын көтере алмайды", - деді қыздың әкесі.

Оның айтуынша, дәрігерлер кінәсін мойындады. Қазір қыз ауруханада, одан анализдер алынып жатыр, анализдер Кореядағы дәрігерлерге жіберіледі. "Ары қарай не болатынын білмеймін. Аурухана ресми түрде түсінік берген жоқ. Ешкім кешірім сұрамады, жәй ғана қателік деп қарап отыр", - деді ол. Отбасы дәрігерлердің үстінен шағымданады. "Осы немқұрайлылыққа жауапты адамның жауапқа тартылғанын қалаймын", - деді қыздың әкесі.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар биліктен кінәлілерді жазалауды талап етті. Бұл оқиғаға Алматы әкімдігі де назар аударды. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада қалалық әкімшіліктің Миланың сауығып кетуін тілеген хабарлама жарияланды. Сонымен қатар, 10 қарашада әкімдікте осы мәселе бойынша қалалық онкогематологтардың қатысуымен отырыс өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети