Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда дене бөлшектері қоқыстан табылған ер адамның өлімінің себебі әзірше анықталмады

08 Қыркүйек 2016, 13:54
0
© Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Алматыда дене бөлшектері қоқыстан табылған ер адамның өлімінің себебі әзірше анықталмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сот медициналық сараптама орталығының директорының орынбасары Тахир Хилимназаров мәлімдеді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол еуропалық нәсілге жатады. Барлық дене мүшелерін жинап, сараптамалық тексеріс жүргіздік. Жақын арада тергеушінің барлық сұрағына жауаптар шығады. Дене мүшесі қатты зақымдалған. Біз қазір барлық зертханалық сараптамаларды жүргізіп жатырмыз. Өлімнің неден келгенін бірден айта алмаймыз. Жас шамасы 25-терде", - деді сұхбаттасушы Хилимназаров. 

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр. 


 ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған.

Сонымен қатар, көрші пәтерде тұратын әйел түнгі уақытта ешқандай айқайды естімегенін айтты. Ол пәтердің жалға берілетінін растады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай