Алматыда елге танымал болған дөнер асханаларының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Алматыда елге танымал болған дөнер асханаларының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Төле би мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан кафеде өрт шықты деген хабар 00.44-те түскен. Алты минут өткенде бірінші өрт сөндіру техникалары келген. Master Doner кафесінің ғимаратында асхана бөлмесінің төбесі өртке оранғаны белгілі болған. Өрттің жайылуы сағат 01.00-де тоқтатылып, 01.10-да толығымен сөндірілген. 35 адам қауіпсіз жерге көшірілген, оның ішінде екеуі бала. Өрттің аумағы сегіз шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.