Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда дүңгіршекті соққан Audi жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

23 Қазан 2014, 11:08
0
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда Audi автокөлігі дүңгіршекке соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні сағат 04.00 шамасында Рысқұлов даңғылында болды.

Жамбыл облысында тіркелген мемлекеттік нөмірі бар Audi жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Ахрименко көшесінен кейінгі бұрылыста басқаруға ие бола алмай қалып, жол жиегіне қойылған Kia автокөлігін, содан кейін дүңгіршекті соқты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Audi автокөлігінен төрт адам шығып, белгісіз бағытқа қарай қашып кетті. Алматыдағы бұл жол-көлік оқиғасынан дүңгіршекте болған екі адам зардап шекті. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жол-көлік оқиғасы кезінде жеті жастағы бала қаза тапқан еді. Жол апаты 21 қазан күні таңертең Қонаев және Мәметова көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, көше қиылысында бағдаршам жұмыс істемеген. Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Қонаев көшесімен оңтүстік бағытта, ал Volkswagen Golf Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Көше қиылысында Golf автокөлігі Matiz-ке соғылды, Matiz аударылып қалды. Көліктің салонында әйел мен жеті жастағы бала болды. Бала оқиға орнында қайтыс болды, ал әйел мен көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай