09 желтоқсан 2016 14:44

Алматыда егде жастағы әйелге шатырдағы мұз кесегі түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/Бағила Ахатова © Facebook/Бағила Ахатова

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында егде жастағы әйелге шатырдағы мұз кесегі түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зардап шеккен 80 жастағы әйел ауруханаға түсті..


Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында егде жастағы әйелге шатырдағы мұз кесегі түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зардап шеккен 80 жастағы әйел ауруханаға түсті..

Оқиғаның мән-жайын әйелдің қызы айтып берді.

"Бұл оқиға 4 желтоқсанда, жексенбіде Фурманов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында (Шевченко мен Құрманғазы көшелерінің арасында) болды. Біз қонаққа жиналып жатқанбыз, такси де шақыртып қойдық. Анам үйден шығып бара жатқанда, оған шатырдағы мұз кесегеі құлап кетті. Артынша тағы бір мұз кесегі құлап, анамды құтқармақшы болған адамды өлтіре жаздады", - деді қызы.

© Facebook/Бағила Ахатова

Оның айтуынша, анасы сол қолын, оң аяғын және қабырғасын сындырып алған. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

"Ол қазір төсек тартып жатыр. Жүре алмайды. Видеокамерадағы жазбаны көріп, шошып кеттім. Тағы бірнеше миллиметр болғанда мұз кесегі апамның басына түсіп кетер еді", - дейді зардап шеккен әйелдің қызы.

Оның айтуынша, осы оқиға болған аула қардан бірде-бір рет тазартылмаған. Әйел тұрғын үй кооперативіне сот арқылы шағым түсіретінін айтты. "Тұрғын үй кооперативі басшылығының немқұрайлылығының арқасында менің анам ауруханада жатыр. Ештеңе істей алмай қалмайды. Мен басқа адамдар да осындай жағдайлардан зардап шекпес үшін сотқа шағым түсіргім келеді", - деді Бағила Ахатова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети