27 сәуір 2017 13:48

Алматыда егде жастағы ер адамды тістеп алған иттің иесі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы полицейлері 2 сәуірде шамамен сағат таңғы 7.40-та Төле би мен Қастеев көшелерінің қиылысында орналасқан Орталық демалыс және мәдениет саябағында болған оқиғаның куәгерлерінен хабар берулерін сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полицейлері 2 сәуірде шамамен сағат таңғы 7.40-та Төле би мен Қастеев көшелерінің қиылысында орналасқан Орталық демалыс және мәдениет саябағында болған оқиғаның куәгерлерінен хабар берулерін сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтардан ит пен оның иесі делінген ер адам түсірілген суретті мұқият қарап шығуларын сұраймыз. Суреттегі адам жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына нөмір бойынша хабарласуын сұраймыз +7 778 574 00 74", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері оқиғаның куәгерлерін анықтап жатыр. Тұмсық торсыз жүрген ит таңғы уақытта жүгіріп жүрген ер адамды тістеп алған. Иттің иесі осы оқиғадан кейін оқиға орнынан жасырынған.

64 жастағы Тоқтар Бексырғаевты иттің тістеп алғаны жайлы 3 сәуірде белгілі болды. Ер адамның қызы Гаухар Есімханованың айтуынша, оған ешкім көмек көрсетпеген, өтіп бара жатқан адамдар да қол ұшын бермеген.

"Менің 64 жастағы әкем күнделікті таңғы уақытта Горький саябағында жүгіреді. Бүгін таңертең оған ит бас салған. Әкем иттен аман қалу үшін Төле би көшесіне қарай жүгіріп кеткен, бірақ ол оны қуып жетіп, тістей бастаған. Әкем тіпті құлап кеткен. Ал иттің иесі осы уақыт бойы жолдың шетінде тұрып, ешқандай көмек көрсетпей кете берген", - деді зардап шеккен ер адамның қызы Гаухар Есімханова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети