23 шілде 2018 13:31

Алматыда екі автобус бетпе-бет соқтығысты: 5 жолаушы ауруханада жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ телеарнасы "Территория происшествий" бағдарламасы © СТВ телеарнасы "Территория происшествий" бағдарламасы

Дәрігерлер Алматыда бетпе-бет соқтығысқан автобус жолаушыларының жай-күйі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматыда бетпе-бет соқтығысқан автобус жолаушыларының жай-күйі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабековтың айтуынша, 21 адам зардап шеккен, оның ішінде үшеуі бала. 16 адам дәрігер байқауынан кейін босатылды, 5-еуі ауруханаға жатқызылды. Балалар ауруханаға жатқызылмады. 

Бес науқастың үшеуі қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, екеуі орталық қалалық клиникалық ауруханада. Науқастардың бірі - 46 жастағы ер адамға ота жасалды. Ол іш жарақатын алған. Қазіргі уақытта ол профильді бөлімінде.

"Жансақтау бөлімінде науқас жоқ. Жарақаттардың сипаты негізінен бас сүйек-ми зақымы, жара, аяқ-қол жұмсақ тіндерінің көгеруі. Ең кішкентай науқас 6 жаста, ең үлкені 60-та", - деді Исабеков. 

Еске сала кетейік, 2018 жылы 22 шілдеде екі автобус бетпе-бет соқтығысып қалған еді. Жол апаты таңертең Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында, Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды. № 12 бағыттағы екі автобус соғылды.

Оқиға орнына 10 жедел жәрдем тобы қатысты.

"Алматыэлектркөлік" ЖШС басшысы Ризван Тынаевтың айтуынша, апаттың мән-жайлары тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қол тежегішін салмаған. Оның айтуынша, соқтығысқан автобустар жаңа болған.

Зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети