31 шілде 2015 13:49

Алматыда екі бүлдіршін жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен Александр мен Полина Нахаевтар. © Алматы ІІД баспасөз қызметі Жоғалып кеткен Александр мен Полина Нахаевтар. © Алматы ІІД баспасөз қызметі

Алматы полициясы із-түссіз жоғалып кеткен екі балаға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы із-түссіз жоғалып кеткен екі балаға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Нахаев, 2008 жылы туылған, ал Полина Нахаева, 2010 жылғы, 28 шілдеде, ересектердің қарауынсыз қалған олар үйден кетіп қалыпты, үй Медеу ауданындағы бағбандық қауымдастығында орналасқан. Балалардың қайда екені әлі күнге белгісіз.

Сонымен қатар, Медеу аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөліміндегілердің айтуынша, балаларының жоғалып кеткені туралы полицияға олардың анасы екі күннен кейін хабарлаған. Одан ішкі істер органдарына хабарды неліктен кеш бергені туралы сұралғанда, ол балаларды туыстарының алып кеткеніне сенімді болғанын айтты. Қазір балаларды іздеу жұмыстарына алматылық полицияның барлық күші жұмылдырылды.

Ұл баланың белгілері: түр-әлпеті еуропалық, бойы 120 сантиметров, шашы ашық түсті, қысқа. Үстіне кигені - суреті бар көк майка, көк джинсы мен көк кроссовка. Ерекше белгілері: орыс тілінде, аздап тұтығып сөйлейді.

Қыз баланың белгілері: түр-әлпеті еуропалық, бойы 110 сантиметров, шашы ашық түсті, қысқа. Үстінде ақ майка, көк түсті джинсы белдемше мен қоңыр сандал бар. Ерекше белгілері: орыс тілінде, аздап тұтығып сөйлейді.

Алматы полициясы балалардың қайда екенін білетіндер болса Медеу АІІБ-ға хабарлауды сұрайды: Қабанбай батыр көшесі, 93. Телефондар: 254-48-40; 254-48-02; 8-702-6666044 немесе 102.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети