Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан
Алматыда Nexia жүргізушісі жүрек талмасынан көлік тізгінінде қайтыс болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда Nexia жүргізушісі жүрек талмасынан көлік тізгінінде қайтыс болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Nexia жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып есінен танып, тізгінді игере алмаған. Ол Яссауи көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Бордюрге шығып кетіп, артынша жол белгісіне соқтығысқан. 1968 жылғы ер адам сол жерде қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша оның жүрегі тоқтап қалған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.