12 тамыз 2016 17:11

Алматыда ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп, қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © РИА Новости Көрнекі сурет. © РИА Новости

34 жастағы ер адам Әуезов аудандық полиция бөлімшесінің екінші қабатынан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әуезов ауданының Прокуратурасы оқиғаның бүгін, 12 тамызда таңғы уақытта Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында орналасқан полиция ғимаратында болғанын хабарлады.

Ер адам полиция бөлімшесіне ұрлық жасады деген күдікпен жеткізілген. Әжетханада бола тұрып, ол терезеден секіріп қашпақ болған. Ер адам сәтсіз құлап, асфальтқа басын соққан. Оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі қалалық № 7 ауруханаға жеткізген. Ол сол жерде қаза тапқан.

Қадағалаушы органның хабарлауынша, осы дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Әуезов ауданының Прокуратурасы осы істі өз қадағалауына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети