01 наурыз 2017 17:18

Алматыда ер адам Самал-2 ықшамауданында досына оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Stripnews.org © Stripnews.org

Алматының қымбат үйлер орналасқан ықшамауданында ер адам танысына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға өткен аптада әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан Самал-2 ықшамауданында болған. 


Алматының қымбат үйлер орналасқан ықшамауданында ер адам танысына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға өткен аптада әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан Самал-2 ықшамауданында болған. 

Болған жайтты куәгерлердің бірі баяндап берді. Оның айтуынша, тұрғын үй кешені ауласында Range Rover көлігінің жүргізушісі ақ түсті Camry көлігімен келген ер адамға үш рет оқ атқан. Артынша оқиға орнына полиция келген. 

Қалалық ІІД өкілдері 24 ақпанда осы оқиғаның болғанын растады. Полицейлердің сөзінше, ажырасқан күйеуі мен әйелі жанжалдасып қалған кезде араға достары киліккен.  

"Сөзге келіп қалған. Отбасының досы келіп, ажыратпақ болады. Ер адам досына травмат қаруынан оқ атып, қолын жарақаттады. Оған медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатудың қажеттілігі болмады. Тапанша тәркіленді", - дейді полицейлер.

Оқ атқан ер адам ұсталды. "Бұл дерек СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабының 3-бөлігі (қару қолданып, бұзақылық жасау) бойынша тіркелді. Істі Медеу аудандық ІІБ бөлімшесі тергеп жатыр", - дейді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети