04 наурыз 2019 17:14

Алматыда ер адам тұрғын үйдің консьержіне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы © facebook.com/alex.goltsev.7 Tengrinews.kz фотоколлажы © facebook.com/alex.goltsev.7

Алматыда ер адам тұрғын үйдің консьержіне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Алматыда ер адам тұрғын үйдің консьержіне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, пәтерді жалға алушылардың бірі 63 жастағы әйелдің кеудесін қысқан, соның салдарынан әйел есінен танып қалған. Осы дерекке қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. 

"Оқиғаның ненің салдарынан болғаны іс барысында анықталады. Әйел адам қандай деңгейде зардап шеккенін анықтау үшін сот медицициналық сараптама тағайындалды. Ары қарай заңға сәйкес шара қолдану мәселесі оқиғаның қалай өрбитіні және ер адамның әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні байланысты болады", - деді департамент өкілдері. 

Осыған дейін, Facebook желісінің қолданушысы Alex Goltsev оқиғаның мән-жайын толық жазды. Оның айтуынша, тұрғын үйдің консьержі белгісіз ер адамның заттарды далаға шығарып жатқанын көрген. Әйел ер адамнан құжаттарды көрсетуін немесе пәтер иесімен байланысуын сұраған. Алайда ер адамның оның сөздерін елемеген, осы кезде консьерж полиция шақырған. 

"Мұны естіген ер адам әйелге шабуыл жасап, сілкілей бастаған. Әйел адам қорқып кетіп, айғайлай бастаған: "Балам, жібер мені, маған таяуда ғана жүрегіме ота жасады". Бірақ оның сөздері еш әсер етпеді. Ер адам зейнеткерді қылғындырып, жүрек тұсын қатты қысып қалған. Әйел адам есінен танып қалды, ол болса осы халде жерге тастап кетіп қалды", - деп жазды жазба авторы. 

Оның айтуынша, оқиғаны аула сыпырушы егде жастағы әйел суретке түсіріп алған.

"Қалғандары зардап шеккен адам ес-түссіз жерде жатқан кезде жүгіріп келді. Біраз уақыттан кейін әйел есін жинады. Дәрігерлер оның таңғажайып жағдайда аман қалғанын айтты. Ал 2 наурызда ол қайтадан жұмысқа шықты. Ол ауыртпалықты сезінеді, бірақ жұмыс істеу керек екенін айтады. Оған негізі зерттелуі қажет еді. Дәрігер кез келген уақытта ұстап қалуы мүмкін екенін айтқан. Бірақ барлығы қазір медициналық тексерулердің қанша тұратынын біледі. Сондықтан зардап шеккен адам өзін нашар сезінгеніне қарамастан жұмысқа шықты. Мен оны көрдім, жағдайы мәз емес", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети