18 тамыз 2017 11:35

Алматыда ер адамды автотұрақтағы орын үшін ұрып-соққан жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автотұрақтағы орын үшін ер адамды ұрып-соққан жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Оның айтуынша, оқиға 2017 жылдың 17 тамызында Төле би мен Түркебаев көшелерінің қиылысында болған.

"102-ге "жаяу адамды қағып кетті" деген хабармен түсті. Оқиға орнына барған полицейлер жүргізушіні ұстады. Ол 32 жаста. Алмалы аудандық полиция бөлімінде 21.00 шамасында соққыға жығылған ер адам адвокатымен бірге арыз жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды", - деді Әзірбек. Айтуынша, ұсталған ер адамды ҚР ҚПК-ның 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жәбірленушінің бір қолы гипс оралғандықтан, тойтарыс бере алмағаны айтылады. 

Еске салайық, бұл оқиға Алматыдағы базарлардың бірінде болған. Ер адам автотұрақтағы орынды алғысы келген. Бұл кезде қарсы жолақтан Hyundai келіп қалған. Видео кадрларында көліктің ер адамды қаға-маға жүргенін көруге болады. Салдарынан қолына бинт оралған ер адам көліктің капотында жатады. Видеодан оның жүргізушіні тоқтатқысы келіп, алдыңғы терезесінен ұрғаны көрінеді. Жүргізуші бұған ашуланып, көлігінен атып шығады да, қарсы шабуылдайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети