18 тамыз 2019 09:47

Алматыда ер адамды көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында, № 7 қалалық клиникалық ауруханаға қарама-қарсы тұста болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі батыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде ер адам рұқсат етілмеген жолдан жүгіріп өтпекші болған. Жүргізуші дереу әрекет жасап үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Соққы салдарынан 1992 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Ер адам жүгіріп өтпекші болған жерге жақын маңда жерасты өткелі болған. 


Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети