24 қыркүйек 2019 17:28

Алматыда "ГАЗель" мен Mercedes соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "ГАЗель" мен Mercedes соқтығысу салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда "ГАЗель" мен Mercedes соқтығысу салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылының бойында Мұстафин мен Асқаров көшелерінің қиылысында болған. 

Автокөліктер әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes бір жолақтан екіншісіне лезде ауыспақшы болған. Жүргізуші басқаруды игере алмай, "ГАЗель" көлігіне соқтығысқан. 

Соққы салдарынан "ГАЗель" көлігінің артқы дөңгелектерін ұстап тұратын бөлшегі бөлініп қалып, көліктің өзі бір жанына аударылған. 

Жол апатынан екі адам зардап шекті - Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы. Әр түрлі дене жарақаттарын алған оларды, жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. "ГАЗель" жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 


Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети