26 тамыз 2015 14:03

Алматыда хайуанаттар бағының қызметкерін жылан шағып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматыда хайуанаттар бағының қызметкерін жылан шағып алды. Ер адам 25 тамызда сағат 23.00 шамасында шұғыл жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды  Tengrimews.kz тілшісі.


Алматыда хайуанаттар бағының қызметкерін жылан шағып алды. Ер адам 25 тамызда сағат 23.00 шамасында шұғыл жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды  Tengrimews.kz тілшісі.

Емдеу мекемесінің мәліметінше, ер адамды жылан шаққаны рас, дегенмен оның нақты қай жерде болғаны белгісіз. Қазір оның жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер ер адамның қанында алкогольдің болғаны анықталғанын айтты.

Хайуанаттар бағы болса 48 жастағы ер адамның өзін нашар сезінгенін, дегенмен оған жыланның қатысы жоқ екендігін хабарлады. "Оның жағдайы түнде нашарлады, бірақ ол жыланның шаққанынан емес, қан қысымы немесе басқа нәрсе болуы да мүмкін. Бізде жыландар жабық жерде сақталады", - деді хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети