30 мамыр 2016 16:01

Алматыда Infiniti жүргізушісі аурухананың кіреберісінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматыда Infiniti жүргізушісі аурухананың кіреберісінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлер мен көлік жүргізушісінің дауласып жатқаны жайлы видео Желіде жария болды.


Алматыда Infiniti жүргізушісі аурухананың кіреберісінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлер мен көлік жүргізушісінің дауласып жатқаны жайлы видео Желіде жария болды.

Видео 29 мамырда шамамен сағат 17.00-де №1 қалалық аурухананың кіреберісінде түсірілген. Кадр сыртында куәгердің жүргізушінің дәрігерлерге ішке кіретін құжатын көрсеткені жайлы айтқаны естіледі. Көлік жүргізушісінің айтуынша, дау оны аурухана территориясына кіргізбей қойғандықтан шыққан, ал оның алдында ауруханаға екі көлік емін-еркін кіріп кетіпті.

Алайда балалар ауруханасының бас дәрігері Абай Құсайынов бұл дауға жол талғамайтын көлік жүргізушісі кінәлі деп есептейді. "Infiniti иесі жедел жәрдем көлігіне жол беруі керек еді. Ал ауруханаға кіре алмағандығына келсек, біз барлығын бірдей территорияға кіргізе алмаймыз. Оның қолындағы құжат туысына жаяу кіруге рұқсат береді. Бірақ көлікпен кіруге рұқсат бермейді. Ал оған дейін кіріп кеткен көліктер аурухананың қызметкерлерінікі болуы мүмкін. Ал кейде балаларды аурухананың дәл алдынан алып кететін жағдайлар болады. Осындай жағдайларда біз рұқсат береміз", - деді бас дәрігер. 

Бұл жағдайға қатысты Infiniti жүргізушісі де өз ойын білдірді. "Менің алдымда екі көлік аурухана территориясына кіріп кетті. Менің кезегім келгенде күзетші әйел мені жібермей, дауласа бастады. Осы уақытта артымнан тағы екі көлік келіп қалды. Әйелмен дауласып жатқанымда алдымыздан жедел жәрдем көлігі келіп қалды. Мен дереу артқа қарай жүріп кете алмадым, себебі артымда көліктер тұрды. Ал видеоға түсірген адамдар осы жағдайды пайдаланып, мені кінәлі етіп шығарды", - деді Infiniti жүргізушісі Талғат Сақанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети