10 қараша 2014 15:17

Алматыда интернет-банкинг пен төлем терминалдары арқылы есірткі сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марихуана салынған қап. ©REUTERS Марихуана салынған қап. ©REUTERS

Алматыда интернет-банкинг пен төлем терминалдары арқылы есірткі сатылған. Бұл туралы брифинг кезінде қалалық прокуратураның жедел-іздестіру қызметі басқармасының басшысы Виктор Тихонов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда интернет-банкинг пен төлем терминалдары арқылы есірткі сатылған. Бұл туралы брифинг кезінде қалалық прокуратураның жедел-іздестіру қызметі басқармасының басшысы Виктор Тихонов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау орган қызметкерлері 2014 жылдың қаңтар айында байланыссыз әдіспен - мобильдік байланыс, интернет-банкинг және төлем терминалдары арқылы есірткі (жоғары сорттағы наша мен марихуана) сатқан қылмыскерлердің ізіне түсті. Тергеу шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 10 адамның бары анықталды.

"Есірткі сатып алғысы келгендер дауыс өзгертетін қызметі бар қытайлық ұялы телефон арқылы "диспетчерге" телефон соғып, есірткінің бағасы мен мөлшері жайлы ақылдасқан. Сатып алушыға мобильдік интернет, интренет-банкинг және төлем терминалдары арқылы көрсетілген соманы аударатын есепшот нөмірі хабарланып отырған. "Диспетчерге" ақша аударылғаны жайлы SMS келгенде ол сатып алушыға есірткі жасырылған жерді айтатын болған", - деді Тихонов. 

Оның айтуынша, есірткі түрлі жерлерге жасырылатын болған: доңғалақтың ескі тысы, мекенжай жәшігі, ағаш түбінде және адам ойламаған басқа да жерлерде. Ұйымдасқан қылмыстық топ әрқашан түрлі жерлерге тығатындықтан, оларды анықтау қиын болды. Арнайы операцияға жалпы 80-нен астам полицей қатысты, прокуратураның 10 қызметкері мен "Арлан" бөлімшесінің 16 өкілі. 4-5 қараша күндері Алматы прокуратурасы Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен бірге есірті саудасымен айналысқандарды ұстады.  

Қылмыскерлерді ұстау шаралары алты түрлі жерде өтті: Қапшағай, Алматы қаласы және Алматы облыстарында. Интернет-банкинг және төлем терминалдары арқылы есірткі сатудың осындай әдісін Астанада да жасау жоспарланғаны хабарланды. "Алматы қалалық тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен үш мүшесі ұсталды. Қалғандарына қатысты қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес шара қолданылды. Тағы да екеуі тергеуге белсенді түрді көмектескені үшін куәгерлер қорғауы бойынша бағдарламасымен қаралады", - деді ІІД өкілі.   

Оның айтуынша, ұсталғандардың орташа жасы - 30. Олар - Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының бұрын сотталған және жұмыссыз тұрғындары. Ұсталғандардың бірінің әскери қызметте болғаны, екіншісінің құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері екені анықталды. Мұнымен бірге, сатып алушыларға да қатысты әкімшілік кодекске сәйкес шаралар қолданылады. Егер кінәсі дәлелденсе ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 12 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін осыған ұқсас жағдайдың Ресейде болғаны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети