10 тамыз 2017 19:15

Алматыда жаңа тұрғын үйдің қабырғасы қирады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа тұрғын үйдің қираған қабырғасы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаңа тұрғын үйдің қираған қабырғасы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалқаман ықшамауданының тұрғындары үй қаптауының қираған сәтін видеоға түсіріп алған. Оқиға 10 тамызда шамамен сағат 15.00-де болған. Күшті жел тұрғаннан кейін тұрғын үйдің плиталары түсе бастаған, кейін түгелдей бір қаптама материал түскен. 

 

Куәгерлер түсірген сурет

Тұрғындардың айтуынша, қирандылардан көліктер бүлінген. Ал көлік иесіне сақтандыру компаниясындағылар бұл жағдайдың форс-мажор екенін желеу етіп, өтемақы берілмейтінін мәлімдеген. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл үй 2015 жылы пайдалануға берілген. Айтуларынша, мұндай жағдай бұрын да қайталаныпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети