1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды08 маусым 2016, 09:50

© "Територия происшествий" © "Територия происшествий"

Алматыдағы "Айнабұлақ-2" ықшамауданында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Палладин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Lada Granta және Mercedes-Benz маркалы көліктер бағыт алады. Полицияның мәліметінше, Lada Палладин көшесінің бойымен рұқсат етілген жерде оңға бұрылғысы келеді. Дегенмен, куәгерлердің айтуынша, Lada жүргізушісі бұрылатын кезде оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан Mercedes автомобилін көрмей қалған. Mercedes көлігі осылайша Lada Granta-мен соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға дереу жеткізілді.


© "Територия происшествий"