1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ірі жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігі Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден екі қыз жүгіріп өткен. Жүргізуші тоқтап үлгере алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Артынша неміс автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші, жүргізуші және автокөлікте отырған екі жолаушы зардап шекті. Олар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кейінірек қыздардың бірі ауруханада қайтыс болды. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы