Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам зардап шекті

22 Мамыр, 01:28
0
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам зардап шекті - Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан
Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында BMW маркалы автомобиль жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW автокөлігі Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал жүк көлігі "КамАЗ" оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жүк көлігі солға бұрылмақшы болған уақытта жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілдген. Қалалық полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай