03 маусым 2018 17:41

Алматыда ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Lexus жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жаппай жол апатын жасады, - деп хабарлады СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Lexus жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жаппай жол апатын жасады, - деп хабарлады СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Бөкейханов көшесіне жетпей, Рысқұлов көшесінің бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, Рысқұлов көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп бара жатқан Lexus жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, ол жақтан шығыс бағытта Mitsubishi Pajero автокөлігі жүріп келе жатыпты. Lexus  оны бүйірінен соғып, ол айнала бастаған, Lexus та айналып барып Volkswagen Golf көлігіне соғылды, бұл көлік те шығысқа қарай бет алған. Осыдан кейін Lexus ассенизаторлық машинаға соғылды.

Mitsubishi Pajero көлігі Volkswagen Jetta автокөлігіне соғылды, ол артта келе жатқан, жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермегенге ұқсайды.

Жаппай жол апатынан бес автокөлік қирады, олардың біреуі жүк көлігі. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, ол - Lexus жүргізушісі, қазір ауруханада.

© "Территория происшествий"

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети