13 қаңтар 2016 09:45

Алматыда жатақханадан шыққан өрттен 300 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің жатақханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің жатақханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 04.25-те "101" пультіне Бостандық ауданында орналасқан жатақхананың бөлмелерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге келген өрт сөндірушілер адамдарды терезе, эвакуациялық есік арқылы шығарып, өрт шыққан бөлмені іздеген.

"Ғимараттағы түтін өрттің шыққан жерін табуға кедергі болды. Оқиға болған жерде газ-түтіннен қорғау қызметінің бес бөлімшесі жұмыс істеді. Өрт сағат 04.56-да ауыздықталып, сағат 05.06-да өшірілді. Өртенген аймақ 10 шаршы метр болды. 301 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети