Алматы полициясы "жедел жәрдем" дәрігерінің соққыға жығылуы туралы іспен айналыса бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, "жедел жәрдем" шақыру бойынша науқас балаға келген кезде сол үйдегі мас отағасы дәрігерге жұдырық ала жүгірген.

Ведомствоның мәліметінше, іс материалдары қылмыстық емес, әкімшілік тәртіпте қаралып жатыр. Полицейлер "жедел жәрдем" фельдшері Исраил Омаровты соққыға жыққан күдіктіні ұстамады, бірақ екі тараптан да жауап алынды. Сотқа дейінгі бірнеше іс-шара тағайындалды, соның ішінде сот-медицина сараптамасы дәрігерге келтірілген дене жарақаттарын растауы қажет. Процессуалдық шешім кейін қабылданады.
Еске сала кетейік, бұл келеңсіз оқиға 1 наурыз күні кешкісін болды. "Жедел жәрдем" қызметі қызуы көтерілген балаға шақыру бойынша көмекке келген. Фельдшер жәрдем көрсеткеннен кейін автокөлікке отыра бергенде баланың әкесі ту сыртынан жабысқан. Дәрігер жүргізушіні көмекке шақырмақ болады, бірақ ашулы ер адам оның ұялы телефоны мен медициналық препараттарын тартып алады. Оқиға орнына жеткен полицейлер дәрігердің мүлкін қайтарып, бұзақыны аудандық ішкі істер бөліміне апарды. Омаровтың жабық бассүйек-ми жарақатын алғаны және желкесінде қанды ісік пайда болғаны анықталды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.