23 ақпан 2019 11:46

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы © СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып апатқа ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып апатқа ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, шамы қосулы жедел жәрдем Розыбакиев бойымен солтүстік бағытта бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда, Өтепов көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан Skoda автокөлігі тоқтап үлгере алмай, апат болған. Соққыдан "ГАЗель" бір қырына аударылып қалды. 

Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақат алып жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

Сондай-ақ, Skoda көлігіндегі жолаушы қыз зардап шекті, бірақ ол қаралғанна кейін оқиға болған жерде қалды. 

Жағдайдың анық-қанығын қалалық полицейлер анықтап жатыр. 

Суреттер: СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети