Алматыда жеңіл автокөлікпен соғысқан Mitsubishi Pajero 15 метрге ұшып кетіп, аударылды

09 Қыркүйек 2016, 09:25
0
Алматыда жеңіл автокөлікпен соғысқан Mitsubishi Pajero 15 метрге ұшып кетіп, аударылды - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыда Қабдолов пен Момышұлы көшелерінің қиылысында Mitsubishi - Pajero мен Galant маркалы көліктер соғысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуынша, ол Қабдолов көшесімен батысқа қарай жүріп бара жатып, қиылыстан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өткен. Осы уақытта Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant келіп, екінші көлікпен соғысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mitsubishi Pajero 15 метрге ұшып кетіп, бір жақ шетімен аударылып кеткен. Көліктің алдыңғы дөңгелегі шығып кетті. Айта кетейік, жол апатынан зардап шеккендер жоқ.


© "Территория происшествий"


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай