09 наурыз 2018 09:21

Алматыда жол апаты болды: Бір адам зардап шегіп, тағы біреуі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты 8-нен 9-на қараған наурызда әл-Фараби даңғылында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Марков көшесімен қиылыста ер адам мен екі әйел рұқсат етілмеген жерден өтпекші болған. Бірақ олардың біреуі ғана жолдан өтіп үлгереді. Camry 55 жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, тоқтауға үлгермей, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ал әйел адам оқиға орнында қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.


"Территория происшествий" бағдарламасының суреттері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети