Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыда жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің рульде ұйықтап кеткені расталды

17 Сәуір 2016, 10:50
0
© "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

16 сәуір күні Алматыда бағанға соғылып қалған жолаушылар автобусының жүргізушісі рульде отырып ұйықтап кеткенін мойындады, бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер айтты.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалатыны не қозғалмайтыны жөнінде сұраққа жауап бере алмады. "Қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғала ма ол жолаушылардың алған дене жарақаттарына және адамдардың денсаулығына қаншалықты зақым келгеніне байланысты болады. Егер олар орташа немесе ауыр жарақат алса қылмыстық іс, ал жеңіл болса әкімшілік іс қозғалады. Барлығын сотмедсараптама анықтайды", - деді баспасөз қызметінің басшысы, полиция майоры Салтанат Әзірбек. 

Еске сала кетейік, кеше, 16 сәуірде Алматыда 304-бағыттағы автобус көшедегі жарық шамдары бағанына соғылды. Жол апаты Сүйінбай даңғылы бойымен Богдан Хмельницкий көшесінен төмен жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан 15 адам зардап шегіп, олардың біреуі ауыр халде жатыр. Жолаушылар жүргізушінің рульде отырып ұйықтап кеткенін және соның салдарынан автобустың бағанға барып соғылғанын айтты. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай