27 қыркүйек 2016 10:28

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік бағдаршам мен жол белгілерін құлатып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік бағдаршам мен жол белгілерін құлатып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жол апатына ұшыраған көлік бағдаршам мен жол белгілерін құлатып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысында болған. Kia Rio маркалы автомобиль Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан, Nissan Cefiro маркалы авто Мұқанов көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. 

Соғысу салдарынан екі көлік те жолдың шетіне шығып кеткен. Nissan көлігі айналып кетіп, жол жиегіндегі сайға түсіп кеткен. Жол-жөнекей автомобиль бағдаршам мен жол белгілерін құлатып кеткен көрінеді. Әзірше бағдаршамның құлауына кім кінәлі екені анықталмаған. 

Жүргізушілердің қайсысы бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кеткенін полицейлер анықтайтын болады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі зардап шеккен. Ол денесін жаралап алған, алайда ауруханаға барудан бас тартты.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети