Алматыда BMW мінген жүргізуші екі көліктің ортасымен өтпек болып, жол апатын жасады, - деп хабарлайды patrul.kz.
Алматыда BMW мінген жүргізуші екі көліктің ортасымен өтпек болып, жол апатын жасады, - деп хабарлайды patrul.kz.
Түнгі 3.00-де салонында жүргізушімен бірге балалар болған Subaru көлігі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Онымен қатар Toyota Mark II көлігі келе жатқан. "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында жүргізушілер жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтаған. Осы кезде олардың артынан зор жылдамдықпен BMW көлігі келе жатқан.
BMW жапон көлігіне соғылмау үшін екі көліктің ортасымен өтпек болған. Салдарынан бавар седаны Subaru-ға соғылған, одан көлік арыққа қарай ұшып ктекен, бұдан кейін BMW Mark II көлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасынан 5 адам зардап шеккен: BMW жүргізушісі мен Subaru көлігінде болған төрт бала. Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі оларды қалалық ауруханаға жеткізді. Кейін балалардың амбулаторлық ем қабылдау үшін үйге жіберілгені белгілі болды.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.