Алматыда жол апатынан әйел мен бала қаза тапты

26 Наурыз, 07:59
0
Алматыда жол апатынан әйел мен бала қаза тапты - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол-көлік оқиғасынан әйел мен бала қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Апат 25 наурызда кешке Момышұлы көшесінде индустриялық аймаққа бұрылысқа қарама-қарсы жерде болды. Мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігі Момышұлы бойымен оңтүстікке қарай қозғалып келе жатқан. Ал Hyundai жүргізушісі жол қиылысында қарама-қарсы бағытта солға бұрылған. Осылайша екі автомобиль соқтығысқан.  

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai көлігіндегі 2016 жылғы бала мен анасы қайтыс болды. Екі жүргізуші де түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай