17 сәуір 2017 10:00

Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен 4 бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен 4 бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен 4 бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Шаляпин мен Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз Toyota RAV-4 көлігімен Момышұлы көшесімен солтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оның көлігінің тежегіші істен шыққан. Салдарынан әйел тізгінге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған Toyota Camry маркалы көлікті соққан. 

Соққыдан кейін Toyota RAV-4 автомобилі аударылып, тоқтап тұрған минибусты соққан. Ол көлік соққыдан Lada маркалы көлікке соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 6 адам жарақат алған. Олар төрт бала және екі қыз, олардың бірі жүкті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети