Алматыда Daewoo Nexia және Lexus ES автокөліктері жол апатына түсіп, оқиғадан кейін оның қатысушылары мен полиция қызметкерлерінің арасында төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Daewoo Nexia және Lexus ES автокөліктері жол апатына түсіп, оқиғадан кейін оның қатысушылары мен полиция қызметкерлерінің арасында төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты түнде Мұқанов көшесінің бойында Абай даңғылына жақын маңда болған. Біраз уақыттан кейін жол апаты болған жерге Lexus автокөлігінің жүргізушісінің достары келді.
"Оқиға орнына жеткен 30-35 жас аралығындағы жігіттер жүргізушіні өздерімен бірге алып кетіп, көліктің мемлекеттік номерін алып тастауға тырысты. Ақыры полицейлер олардың бұл әрекетіне кедергі келтірмекші болды. Екінші тарап қарсылық білдіріп, қосымша күш шақырылды. Патрульдік полицияның күшімен оқиғаға қатысқан үш адам ұсталды", - деді Әзірбек.
Полицейлерге қарсылық білдіріп, бағынбаған үш адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus жүргізушісі мас болған.