Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жол апатынан кейін ер адамдар полицейлермен төбелескен

19 Желтоқсан 2015, 15:32
1
© "Территория-происшествий"
© "Территория-происшествий"

Алматыда Daewoo Nexia және Lexus ES автокөліктері жол апатына түсіп, оқиғадан кейін оның қатысушылары мен полиция қызметкерлерінің арасында төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты түнде Мұқанов көшесінің бойында Абай даңғылына жақын маңда болған. Біраз уақыттан кейін жол апаты болған жерге Lexus автокөлігінің жүргізушісінің достары келді.

"Оқиға орнына жеткен 30-35 жас аралығындағы жігіттер жүргізушіні өздерімен бірге алып кетіп, көліктің мемлекеттік номерін алып тастауға тырысты. Ақыры полицейлер олардың бұл әрекетіне кедергі келтірмекші болды. Екінші тарап қарсылық білдіріп, қосымша күш шақырылды. Патрульдік полицияның күшімен оқиғаға қатысқан үш адам ұсталды", - деді Әзірбек.

Полицейлерге қарсылық білдіріп, бағынбаған үш адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus жүргізушісі мас болған.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай